Жаналықтар
Маңғыстаулық мектеп оқушысы минутына 17 мың сөз оқиды

Маңғыстаулық6-сынып оқушысы Самир Валерий «100 жаңа тұлға» жобасының кейіпкері атанды. минутына Ол минутына 17 мың сөз оқиды, деп хабарлайды F16.kzтілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің Telegram арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, Самир екі жыл бұрын минутына 90 сөз ғана оқитын. Алайда жүйелі жаттығулар мен ұстазының қолдауының арқасында көрсеткішін едәуір жақсартқан. Қазір оның оқу жылдамдығы минутына 16–17 мың сөзге жетеді.
Ақпаратты жоғары жылдамдықпен қабылдау Самирге сабақта өзіне сенімді болуға және гуманитарлық пәндерде ғана емес, нақты ғылым пәндерінде де жетістікке жетуге көмектесті. Ол қалалық және аудандық олимпиадалардың жүлдегері, ал 2023 жылы мектебінде «Жыл оқушысы» атағына ие болды, – деп жазылған министрліктің ресми хабарламасында.
Самир сыныптастары арасында ұйымшыл, мақсаткер және жауапты оқушы ретінде танымал. Ол мектеп өміріне белсене араласып, көшбасшылық қабілетін және өсуге деген ұмтылысын көрсетіп жүр. Болашақта білім, өнер және спорт салаларында өзін танытқысы келеді.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Қатысты сілтемелер: