Өскемен
Өскеменде тұрғын үй мен көлік өртінен бір адам зардап шекті

Өскемендегі Бажов көшесі, 38 үйдің маңында шаруашылық құрылыстарынан өрт шығып, артынша қызыл жалын "Volkswagen" маркалы автокөлігі мен екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатырына тараған, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, тұрғындарды эвакуациялау қажет болған жоқ. Алайда бір адам термиялық күйік алып, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті.
155 шаршы метр аумаққа шарпыған өрт ауыздықталды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 7 бірлік өрт сөндіру техникасы, 35 адам және апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жұмылдырылды, - дейді Өскемен қалалық №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Нұрлан Айтбаев.
Сондай-ақ ШҚО ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін еске салады.
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз: