F16.KZ
Жарияланды: 11:30, 05 июнь 2025
Жаналықтар / Басты

Судағы қауіпсіздік ережесі күшейтілді

Су нысандары мен шаруашылығы құрылымдарында апаттық-құтқару бекеттері болмаса, ол аумақта демалыс орындарын ашуға рұқсат жоқ, деп хабарлайды F16.kz.

Мұндай талап төтенше жағдай министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы бұйрығымен өзгертулер енгізілген Су объектілеріндегі қауіпсіздік ережесінде көрсетілген. Түзетулер жергілікті атқарушы органдардың су нысандары мен су шаруашылығы құрылымдарында апаттық-құтқару бекеттері болмайынша жаппай демалыс, туризм және спорт орындарын ашуға жол бермейтінін қарастырады.

Судағы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес, нұсқаушылар, авариялық-құтқару құралдары, кезекші медициналық қызметкер, дәрі-дәрмекпен жабдықталған алғашқы медициналық көмек көрсету кабинеті болуы шарт. Сондай-ақ балалардың суға түсуіне арналған алаңдар (балалар жағажайы) жасалуы керек.  

Бұйрық биылғы 15 маусымда күшіне енеді.

Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)