Жаналықтар / Басты
ШҚО-да құрбандық малын сертификаты бар қасапшылар сояды

Ертең таңмен таласы тұрған жамағат мешітке ағылады. Құрбан айттың алғашқы күнін жиналғандар сапқа тұрып айт намазымен бастайды. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайтында әр өңірдегі айт намазының уақыты жарияланды, деп хабарлайды F16.kz.
Биыл шығысқазақстандықтар айт намазын сағат 07.00-де оқиды. Облыстың бас имамы Думан Сайфуллин тұрғындар тарапынан сұрақ туындағанын жасырмады.
Шығыста күн ерте шығады, өзге өңірлерде, мәселен Батыс Қазақстанда айт намазы бізден бұрын оқылады. Осы бойынша сұрақтар көп туындады. Шариғи тұрғыдан алып қарасақ, намазды күн найза бойы көтерілген уақыттан бастап, дәл ортаға келгенге дейін оқуға болады. Бұл жерде біз қоғамдық көліктер уақытын, үлкен кісілердің мешітке келуін ескертіп, уақытты белгіледік, - дейді облыстың бас имамы.
Ұлан ауданына шыға берісте Атығай асуы арнайы орын болып бекітілді. Онда арнайы қасапшылар жұмыс істейді. Құрбандық малын да сол жерден сатып алуға болады.
Қасапшылар алдын ала арнайы семинардан өтті. Шариғатта құрбан шалу кезінде қойылатын талаптар бар. Онлайн семинар кезінде бәрі түсіндіріліп, қолдарына сертификат берілді, - дейді Думан Сайуфллин.
Айта кетейік, құрбандық малын үшке бөліп таратқан жөн. Алдымен өз отасына, кейін жақындарын, үшінші мұқтаж жандарға үлестіріледі.
Фото: gov.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Батыстан жарты сағат кеш: Шығыс Қазақстанда Құрбан айт намазы нешеде оқылады?

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Жәдігер ұстаз жүрген жол