Өскемен / Жаналықтар
Театр маңына үш жүз көшет егілді - Өскемен

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтар күні. Атаулы күнге орай “Жасыл ел” сарбаздары облыстық драма театрының маңына көшет отырғызды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Экобелсенділер мен еңбек жасақтарының сарбаздары бүгін Өскемендегі үш учаскесі абаттандыруға белсене қатысқан.
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қала көшелеріне көшет отырғызып жатырмыз. Акцияның басты мақсаты - шаһар көшелерін көркейту, тазалығына атсалысу. Театр маңында бүгін үш жүз көшет отырғызып жатырмыз. Одан бөлек №21 шағын аудан мен Карбышев көшесі бойында да осындай абаттандыру жұмысы жалғасады, - деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбекұлы.
“Жасыл ел” еңбек жасағының қатарында мектеп оқушылары да еңбек етіп жүр. Жастайынан еңбек етіп қана қоймай, экологияны жақсартып, қала шырайын кіргізуге өз үлесін қосып жүргендердің бірі - Салтанат Бақытжанқызы.
“Жасыл ел” сарбаздарының қатарына қосылғаныма бүгін үшінші күн болды. Бағдарламаның жастарды еңбекке баулып, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруда үлесі зор. Мұнда әр мектептен, колледжден және жоғары оқу орнынан жиналған балалар бір ай көлемінде жұмыс істейді. Бүгін қаламыздың мәдени орталықтарының бірінің маңын жасылдандыруға көмектесіп жатырмыз, - дейді ол.
Бүгінде облыс көлемінде көгалдандыру жұмысы қарқын алып келеді. Биылғы маусымда қалалар мен аудандарда 115 мың көшет отырғызу жоспарланған.
Фото: F16.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Прокурорлар майдан шебінде

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Жәдігер ұстаз жүрген жол

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар