ШҚО: Маусымда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша маусым айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, жаздың алғашқы айында күн райы тұрақсыз әрі құбылмалы болады. ШҚО-да күн ысып, кей күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Бірінші онкүндік
Жоғары температуралық фонның әсерінен бүкіл республика бойынша найзағайлы, өткінші жаңбыр жиі жауады.
— Шығыста түнде +10…+15°C, оңтүстігінде +20°C, күндіз +22…+30°C, кей жерлерде +35°C-қа дейін ысиды.
— Екінші онкүндіктің басында аздаған салқындау байқалады.
Екінші және үшінші онкүндік
Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде күннің ыстығы күшейіп, температура +33°C-тан +40°C-қа дейін жетуі ықтимал .
Шығыста ауа температурасы түнде +15…+23°C-тан +2…+10°C-қа дейін, ал күндіз +25…+38°C-тан +15…+27°C-қа дейін ауытқиды.
• Айдың басында және ортасында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ күтіледі.
• Желдің күшеюі және шаңды дауылдар да болуы мүмкін.
Құтқарушылар күн қатты ысыған күндері далада ұзақ жүрмеуге және жаңбыр жауып, найзағай ойнаған кезде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Фото: pixabay.com