Риддердегі «Шаңырақ» мектебінің құрылысы қашан аяқталады?

Риддер қаласының әкімі ата-аналар комитеті мен Қоғамдық кеңестің өкілдерімен бірге жаңа «Шаңырақ» мектебінің құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Сапар барысында авторлық және техникалық қадағалау мамандары құрылыс жұмыстарының қазіргі барысы туралы жан-жақты түсініктеме берді. Сондай-ақ жұмыстар бекітілген мерзімге, сапа талаптарына толық сай және құрылыс материалдары да бекітілген сипаттамаларға сәйкес сатып алынғанын атап өтті.
Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, жыл соңына дейін нысанның қабырғасы тұрғызылып, төбесі шатырланады. Қыс мезгілінде ішкі әрлеу жұмыстары жалғасады.
Қала әкімі құрылыс жұмыстары сапалы жүргізіліп, уақытылы аяқталуын ерекше бақылауға алатынын айтты.
Құрылыс алаңын аралау барысында болашақ мектептің негізгі нысандары көрсетіліп, алдағы кезеңдерде атқарылатын жұмыстар талқыланды.




