F16.KZ
Жарияланды: 12:00, 04 июнь 2025
Жаналықтар

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бішкектің Первомайский аудандық соты сырттай үкім шығарды, деп хабарлайды F16.kz.

Атамбаевқа жер телімдерін заңсыз иемденді, заңсыз жолмен байыды және 2019 жылғы тәртіпсіздікке қатысты деген бірнеше айып тағылды. Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік наградалары қайтарып алынды. Бұл туралы қырғызстандық БАҚ-тар жазды.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл іс бойынша басқа да айыпталушыларға, яғни бұрынғы депутаттар мен шенеуніктерге қатысты сот үкімі шығарылған. Атап айтқанда, Равшан Жээнбеков пен Фарид Ниязов 7 жыл 8 ай, Ирина Карамушкина 7 жыл 6 ай, Фархад Баабиев 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына келісіп, сот залынан қамауға алынды. Сонымен қатар Қ.Сағымбаев, М.Мискембаев, Қ.Осмоналиев, Қ.Жолдубаевалардың әрқайсы 5 жыл пробациялық қадағалау жазасына кесілді. Бұдан өзге бірнеше адамға пробациялық қадағалау тағайындалды.

Сондай-ақ сот А.Атамбаев пен А.Шадиевті әрқайсы 5 млрд 439 млн сом айыппұл төлеуге міндеттеді.

Қазір Алмазбек Атамбаев Испанияда жүр. Ол 2023 жылы Испанияға емделу үшін кеткен. Бішкектегі Первомайский аудандық соты Атамбаевты денсаулық жағдайына байланысты шетелде емделуге рұқсат берген. Бұған дейін Қырғызстанның Жоғарғы соты Атамбаевқа қатысты 2020 жылы шығарылған 11 жыл бас бостандағынан айыру үкімін жойып, істі қайта қарауға жіберген.

Фото: ТАСС/Игорь Коваленко

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)