Өскемен / Жаналықтар
Өскемендік авторлар «Astana Oscar» форумының бас жүлдесін жеңіп алды

Астанада өткен алғашқы жас кинематографшылар форумында өскемендік авторлар түсірген «Қорғаушы» қысқаметражды фильмі бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды F16.kz.
Сынды шығармашыл жастардан құралған топ өз туындысында балаларға қатысты зорлық-зомбылық тақырыбын көтерген. Топ құрамында Дильназ Акимқанова, Жаслан Фазылбеков, Амина Уралова және Регина Даниярова бар.
Біздің мақсат – қоғамдағы, балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселені көтеру. Болашақта осы салаға бет бұру ойымызда жоқ, біраз өз тобымызбен алдағы уақытта өзге де тақырыптарды көтеруді жоспарлап отырмыз, - дейді Дильназ Акимқанова.
Мағынасы терең, әлеуметтік маңызы жоғары және өзекті тақырыпты көтерген фильмге қазылар алқасы да жоғары баға беріп, қатысқан 15 фильмнің ішінен үздік атанды.
Қазылар қатарында кино мен теледидар саласының танымал тұлғалары болған.
Қатысты сілтемелер: