Өскемен / Жаналықтар
Өскеменде балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылып жатыр?

Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышов бүлдіршіндердің сүйікті демалыс орындарына айналған «Жігер» сауықтыру лагерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды F16.kz.
Аталмыш лагерь 9 маусымнан бастап балаларды қабылдайды. Биыл мұнда 7 мен 15 жас аралығындағы 1440 бала мен жасөспірім демалады деп жоспарланған.
Жалпы сегіз тақырыптық ауысым қарастырылған, олардың әрқайсысы шығармашылық қабілетті, спорттық белсенділікті, туристік дағдыларды, зияткерлікті және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған.
Қала басшысы лагерь корпустарын аралап шықты. Әр бөлім гигиеналық бөлмелермен, киім кептіріп, үтіктейтін орындармен жабдықталған. Сондай-ақ ойын бөлмелері, кітапхана, балалар кинотеатры, музыкалық аймақ, демалыс бөлмелері және Wi-Fi бар зал бар. Аулада ойын және спорт алаңдары орналасқан. Асханада балаларға күніне бес мезгіл теңгерімді және құнарлы тамақ беріледі, - дейді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, жазғы демалыс орындарында балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аудару үшін бейнебақылау камералары орнатылды.
Қатысты сілтемелер: