Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 16:24, 24 апрель 2025
Жаналықтар

Негізсіз флюорографиялық сурет талап еткен медициналық ұйымдар анықталды

ШҚО-дағы кейбір медициналық мекемелер емханаға тіркелген азаматтардан кеудесінің флюорографиялық суретін негізсіз талап еткен. Ол облыстық мемлекет қызмет істері департаменті жүргізген талдау барысында анықталды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтар емханаға жеке өтініші арқылы да, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы да тіркеле алады. Алайда, кейбір медициналық ұйымдар пациенттердің жеке қатысуын талап еткен. 

Медициналық қызметтердің қолжетімді және сапалы болуы үшін артық құжаттар талап етілмеуі керек. Ол азаматтарға қосымша кедергілер тудырып, қажетті медициналық көмек алғанда кідірістерге әкеп соғуы мүмкін. Біз үшін келушілердің уақытында көмек алуы маңызды, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Айқымбеков.

Талдау қорытындысы облыстың денсаулық сақтау басқармасының атына болашақта осындай жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстар жолданды.

Мемлекеттік қызмет алу кезінде құқықтары бұзылған тұрғындар Назарбаев даңғылы, 4 мекенжайына жүгіне алады. Анықтама үшін  8-7232-76-50-88 нөміріне қоңырау шалуға болады. Сондай-ақ, «Е-Өтініш» платформасы немесе Telegram мобильді қосымшасында «Egovkzbot2.0» арқылы жүгіну мүмкіндігі бар, - дейді Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

Фото: egemen.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)