Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 09:36, 25 апрель 2025
Жаналықтар

Өскеменнен Бозанбайға автобус бүгіннен бастап жүреді

Бүгіннен бастап облыс орталығынан Бозанбайға автобус қатынай бастады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, тұрақты маршрут төмендегі кесте бойынша жүреді: 

- Өскемен қаласынан (Абай көшесіндегі автобекеттен) - 25.04.2025 ж. сағат 13:30 және 16:30-да.

- Бозанбай ауылынан (әкімшілі жанындағы аялдамадан) - 25.04.2025 ж. бастап сағат 7:30 және 13:30-да.

Жол жүру ақысы ересектер үшін 1 000 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін толық құнының 50%, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалары иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналар мен I топтағы мүгедектер үшін жол жүру тегін.

Фото: F16.kz/жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)