Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 17:05, 25 апрель 2025
Өскемен / Білім мен ілім

Өскеменде 1400-ге жуық оқушы техникалық үйірмелерге барады

Өскемен қаласының мектеп оқушылары аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға, хакатондарға, олимпиадалар мен көрмелерге белсенді қатысып келеді, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Облыс аумағында 344 тегін IT-сынып, 150 робототехника кабинеті және 22 STEM-кабинет жұмыс істейді. Бұл орталықтарда оқушылар цифрлық технологияларға қызығушылық танытып, бағдарламалау, 3D модельдеу және робототехника бағыттары бойынша білім алып жатыр. 

Өскемен қаласында техникалық үйірмелерге 1383 бала қамтылған, оның ішінде 712-сі – робототехникамен, 439-ы – бағдарламалаумен, 232-сі – 3D модельдеумен айналысады. IT-құзыреттерін тереңдетіп оқыту нақты нәтиже көрсетіп жатыр. Мәселен, информатика, робототехника және STEАM-инженерия бойынша облыстық зияткерлік байқаулардың 33 жеңімпазының 19-ы – Өскемен қаласының мектептерінде оқиды, ал 13-і республикалық жарыстардың жүлдегері атанды.

Жыл сайын «ŞYĞYS ÖRKENІ» IT-хакатоны, «Skills for Geeks» чемпионаты, «New Generation» фестивалі сияқты іс-шаралар өткізіледі. Былтыр 23 мамырда өткен «New Generation» фестиваліне 100-ден астам оқушы 77 жобамен қатысты, олардың ішінде Өскемен қаласының 48 оқушысы 23 жобасын ұсынған. 

Фото: Махаббат Ахметжанова


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)