Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 14:38, 25 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскемен әкімі тұрғындарды қабылдады

Өскемен қаласының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды F16.kz.

Кезекті азаматтарды жеке қабылдау барысында кәсіпкерлікті дамыту, жолдардың жағдайы және көше жарығы секілді өзекті мәселелер көтерілді. 

Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті бөлімдер мен мамандарға нақты тапсырмалар берілді. 

Тұрғындардармен ашық диалог орнату - біздің жұмысымыздың басты қағидаты. Қабылдау барысында түскен барлық өтініштер бақылауға алынады, - деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.

Жауапты тұлғаларға жағдаймен танысып, оны шешу бойынша қысқа мерзім ішінде ұсыныстар беру тапсырылды. 


Фото: gov.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)