Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 11:49, 25 апрель 2025
Жаналықтар / Өскемен

Өскеменде «Шығыс агрофорумы» өтеді

30 сәуір күні облыс орталығында ауылшаруашылық саласының мамандарына арналған өңірлік «Шығыс агрофорумы» өтеді, деп хабарлайды  F16.kz.


Агрофорумға сүтті және аралас тұқымдарының республикалық палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев, Ұлттық майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов және ғылыми ұйымдардың мүшелері қатысады.


Ауыл шаруашылығы техникасының заманауи үлгілері, түрлі тұқым түрлері мен тың технологиялары бір алаңда жиналады. Сондай-ақ көрме ұйымдастырылып, жаңа таныстық пен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік, - дейді ұйымдастырушылар.

Агрофорум 30 сәуір күні Қазақстан, 55 мекенжайында өтеді. 


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)