Орындықтар – Португалиядан, парталар – Петропавлдан: ШҚО-ның ауыл мектебінде арнайы кабинет ашылды

Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылының О.Бөкей атындағы орта мектебінде роботты техника кабинеті ашылды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Жаңа кабинеттің ашылуы салтанатына аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Алма Тілеубаева мен Айдос Жақсыбердинов, «Білім беруді тұрақты дамыту» қорының атқарушы директоры Данияр Тоқтарбаев, белқарағайлық ұстаздар мен оқушылар, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
Айта кетейік, биыл Катонқарағай ауданының оқушылары алғаш рет роботты техника бойынша өтетін WorldSkills облыстық сайысына қатысып, жүлделі бірінші және үшінші орындарды жеңіп алған.
КӘСІПКЕРДІҢ ҚОЛДАУЫ
Белқарағайдағы роботты техника кабинетін осы ауылдың тумасы, О.Бөкей атындағы орта мектептің түлегі, ALIM GROUP компаниясының директоры Гүлназ Сағындықова өз қаражатына ашып отыр. Кабинеттің жиһаздары мен жабдықталуын, барлық қажетті құрылғылар отандық және шетелдік компанияларда өндірілген.
Заманауи білім беру кабинетінің ашылуына «Білім беруді тұрақты дамыту» қоғамдық қоры да атсалысқан. Кабинет жабдықтарының ішінде соңғы үлгідегі екі Bambu Lab 3D-принтері, отандық Artisan компаниясының бағдарламалық модельдеу құралдары, лего-спайк қораптары, интерактивный тақта, ноутбуктар бар. Сондай-ақ демеушілер кабинеттің ішіне жөндеу жүргізген – еденіне линолеум төсеп, терезелеріне шымылдық ілген, қабырғаларын әктеген.
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
Жаңадан ашылған роботты техника кабинетіне Гүлназ Сағындықованың ата-анасы Нұрлан Қалиекперұлы мен Бақытжамал Қабдешқызының есімдері берілді. Ерлі-зайыпты Жайлыбаевтар – 40 жылдан астам уақыт О.Бөкей атындағы орта мектепте еңбек еткен жандар.
Тимур Серікхан
Фото: F16.kz




