Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 13:35, 26 апрель 2025
Жаналықтар

ШҚО-да мыңдаған ағаш отырғызылды

Шығыс Қазақстан облысының түкпір-түкпірінде көктемгі абаттандыру және көгалдандыру маусымы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, бүгін өткен ағаш отырғызу күні аясында өңір елді мекендерінде 50 мыңнан астам көшет отырғызылды, деп хабарлайды F16.kz.

Экологиялық бастамаға жастар, еріктілер, ұйым қызметкерлері және жергілікті қауымдастықтар қатысты.

Глубокое ауданына қарасты Белоусовка кентінде жас спортшылар орталық стадион аумағына 50-ден астам қайың ағашын отырғызды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың мұндай шараларға қатысуы қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды үйретеді.

Ауқымды көшет отырғызу жұмыстары Тарбағатай ауданында да өтті. Мұнда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 3 мыңға жуық ағаш отырғызылған. Акцияға мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері және ауыл жастары қатысты.

Ал, Марқакөл ауданының тұрғындары жастардың көмегімен 1000-ға жуық, ал Риддер қаласында 5 мың ағаш егілген.

Сондай-ақ өңірде сәуірдің басынан бері сенбіліктен ұйымдастырылып, 20 мыңнан астам адамды қамтыған. Бұлақтар мен жағалаулар тазартылып, мектептерде байқаулар мен эко-сабақтар өткізілді.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)