Секисовка ауылында жаңа амбулатория ашылды

Глубокое ауданына қарасты Секисовка ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды F16.kz.
Жаңа медициналық нысан инфаркт, инсульт, жарақат және өзге де шұғыл жағдайларда ауыл тұрғындарына дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауыл халқының денсаулығын нығайту, уақытылы профилактикалық және сауықтыру шараларын өткізу, скринингтік тексерулер жүргізу де жолға қойылады.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасында облыс бойынша 36 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 27 медициналық пункт бой көтереді.
Аталған нысанның құрылысын «AMANAT» партиясының бақылау комиссиясы мүшелері мен мәслихат депутаттары тұрақты бақылауда ұстап, ұдайы мониторинг жасап отырған.
Фото: ШҚО ішкі саясат басқармасы




