Катонқарағай / Басты / Не жаңалық? / АЙДАРЛАР
Катонқарағай ауданының әкімі тағайындалды
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Катонқарағай ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды.
Бұл лауазымға Данияр Дүйсенбаев тағайындалып отыр, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Оған дейін Данияр Дүйсенбаев ШҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментін басқарған.
-
- Данияр Дүйсенбаевтың түрлі мемлекеттік органдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар, ол ұзақ уақыт бойы Өскемен әкімдігінің істер басқармасында қызмет кеткен, сонымен қатар Риддер қаласы әкімдігінің аппаратын басқарды. Бір жылға жуық Риддер әкімінің орынбасары қызметін атқарды, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгін сондай-ақ Марқакөл ауданының да әкімі тағайындалған болатын.
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі
Қатысты сілтемелер: