admin
Жарияланды: 18:36, 28 август 2024
Басты / Не жаңалық?

«Рахман қайнары» мемлекеттің балансына берілді

 Электрондық сауда алаңында «Рахман қайнары» шипажайын мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтті, деп хабарлайды F16.kz сайты ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді. 

– 22-тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ, – деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.

Айта кетсек, шипажай 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор -  ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

Бұған дейін «Бипэк Авто — Азия авто» компаниялар тобының жеке меншігінде болған. 2021 жылдың мамыр айында жұмысы тоқтатылған болатын.



 

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)