F16.KZ
Жарияланды: 10:30, 03 июнь 2025
Риддер / Жаналықтар

Риддер қалалық аурухана кешені қайтарылған қаражат есебінен салынып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында қайтарылған қаражат есебінен денсаулық сақтау және коммуналдық инфрақұрылым салаларында жеті әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі. Бұл туралы облыстың прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.

Аталған нысандар Риддер қаласында және Ұлан, Шемонаиха аудандарында орналасқан. Солардың ішіндегі ішінде ірі жобалардың бірі кеншілер шәрінде салынып жатқан аурухана кешені. Риддердегі медицина мекемесі    2021 жылдың желтоқсанында басталды. Жобаның жалпы құны - 34,8 млрд теңге, оның 11,8 млрд теңгесі медициналық жабдыққа бөлінген. Қаржы болмаған соң жұмыс тоқтатылған. 2024 жылы прокуратура органдары жұмысының нәтижесінде арнаулы мемлекеттік қордан қайтарылған активтер есебінен құрылысты аяқтауға 28,1 млрд теңге бөлінді. Қазір жұмыс жүріп жатыр.

Медициналық кешеннің құрамына жалпы ауданы 40 106,84шаршы метр болатынүш ғимарат кіреді. Олар: стационар (5 блок, 3-5 қабат, жалпы ауданы 29 563,36 шаршы метр, 40% дайын), емхана (5 блок, 4 қабат, 400 ересек және 100 балаға, ауданы 9 991,2 шаршы метр, 85% дайын), ас блогы (1 қабат, ауданы 627,76 шаршы метр, 92% дайын).

Қазір құрылыс басында 300 адам жұмыс істеп жүр, нысанды осы жылдың соңында қолданысқа беру жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік,Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет республика бойынша 333 әлеуметтік нысан салуды мақұлдады. Бұл бастамалар аумақтарды дамытуға кешенді көзқарастың бір бөлігі болып саналады және ол өңірлердегі өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған.

Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)