F16.KZ
Жарияланды: 16:30, 28 май 2025
Өскемен / Басты

Балдан бұлақ ағызған: Шығыстың үздік омарташылары анықталады

Өскеменнің іргесіндегі Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында омарташылар байқауы өтеді, деп хабарлайды F16.kz.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылатын байқауға өңірдің аудан-қалаларынан үздік омарташылар келіп қатысады. Ондағы мақсат – омарташылардың кәсіби деңгейін арттыру, үздік мамандарды анықтау, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, сондай-ақ бал өндірісіне заманауи технологияларды енгізуді насихаттау.

Байқау барысында қатысушылардың жетістіктерін таныстыру, тәжірибе алмасу, сондай-ақ үздіктерді марапаттау рәсімі болады Мұндай кездесулер ауыл шаруашылығы саласының даму бағытын айқындап, жас омарташылар үшін мол тәжірибе болары сөзсіз.

Бұл күні кәсіби мереке аясында ШҚО-ның білікті омарташыларына Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан марапаттар табысталады.

Фото: pixabay.com

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)