Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 12:22, 03 июнь 2025
Өскемен / Қылмыс / Басты

Үш күдікті іздестіріліп жатыр: Өскемендегі жас жігіттің өлімі

Өскеменде жастар арасында туындаған жанжал қайғылы жағдаймен аяқталған. Қазір оқиғаға қатысы бар үш күдікті ұсталды, қалған үшеуі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде бір топ адам жас жігітті аяусыз соққыға жығып, артынша марқұмның денесін қаладағы ауруханалардың біріне тастап кеткені туралы ақпарат тарады. Облыстық полиция департаменті кісі өлтіру фактісін растап отыр. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру нәтижесінде үш ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған үшеуіне іздеу жарияланды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция департаменті ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын айтады.

Фото: astanatv.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)