admin
Жарияланды: 13:30, 06 сентябрь 2024
Өскемен / Басты / Не жаңалық? / АЙДАРЛАР

Өскемен тұрғыны 71 жасында тұрмысқа шықты

Өскемен тұрғыны жетпістен жасы асқанда, сексенге аяқ басқанда тұрмысқа шығып жатыр.

Қалыңдықтың жасы – 71-де, күйеу жігіт – 64-те. Екеуі Өскеменнің іргесіндегі Солнечный кентінде орналасқан қарттар үйінде танысқан екен, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Қариялар некелерін Отбасы күнінде қидыруға бел буған.  Олардың некесін тіркеу үшін Шығыс Қазақстан облысының АХАТ қызметкерлері әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы келіпті. 

Людмила Николаевнаның айтуынша, 71 жаста қалыңдық боламын деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Қарттар үйін паналағанына біраз жыл болып қалған. Осы жерден енді болашақ жарын кездестіріп, өз бақытын тауып жатыр. Тіпті, ауру-сырқауды да ұмытқанын айтады. Күйеу жігіт те қалыңдығын жақсы көретінін, бақытты екенін айтып отыр. 

  - Біз екі ай кездестік, ол маған ұсыныс жасады. Мен келістім. Некемізді тіркедік. Енді біз мұнда бірге тұрамыз, бөлек бөлме берілді. Арнайы келіп, некемізді тіркегені үшін АХАТ қызметкерлеріне алғыс айтамын, - дейді Людмила Николаевна.

АХАТ басқармасының басшысы Әлия Қырықпаеваның айтуынша, жалпы атаулы күндері шаңырақ көтергісі келетіндер өте көп екен. Соңғы рет неке қидыруға ниет танытқан жұптар 24 тамызда (24.08.2024) көп тіркелген. 

Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ҚЕАҚ 

-

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)