F16.KZ
Жарияланды: 18:50, 02 февраль 2025
Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық? / Күршім

Күршім ауданындағы жол апатында 4 адам қаза тапты

1 ақпан күні сағат 15:09 шамасында Күршім ауданында жол апаты болды.

Күршім – Қалжыр тас жолының 60-ыншы шақырымында, Қалғұты ауылының маңында «Lada Granta» және «Hyundai Santa Fe» көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды F16.kz тілшісі. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы төрт адам жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілген. ШҚО Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. 

- Жол апатының салдарынан Lada Granta жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Hyundai SantaFe жүргізушісі және оның үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жол жағдайларын қадағалауды және көлік құралдарының техникалық жай-күйін тексеріп тұруды ескертеді.

Фотосуреттерді оқиға куәгерлері жолдады

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз: