Басты / АЙДАРЛАР / Қылмыс / Өскемен
Өскеменде үш адамды өлтіріп, өртеп жіберді

30 қаңтарда Өскеменде жантүршігерлік қылмыс болды.
Түнде жеке үйдегі өрттен кейін үш адамның — 76 жастағы ер адам, 69 жастағы әйел және 51 жастағы туысының денелері табылды. Олардың бастарынан шабылған жарақаттар анықталған, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Бұл туралы бейресми ақпарат Телеграм-дағы «Криминальный Казахстан» арнасында жарияланды.
Қайғылы оқиға ішімдік әсерінен болған жанжал кезінде болған. Күдікті — 27 жастағы туысы — қылмыстың ізін жасыру үшін мәйіттерді жертөлеге тастап, үйді өртеп жіберген. Тергеу амалдары барысында пышақ пен балта тәркіленіпті.
ШҚО Полиция департаменті бұл ақпаратты растап отыр.
- Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Полиция қылмыстың барлық мән-жайлары мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Тергеу барысы ШҚО ПД басшылығының жеке бақылауында, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Фото: жасанды интеллект көмегімен жасалды
Қатысты сілтемелер:
Тарбағатайда салтанатты түрде ашылған мектеп әлі күнге бос тұр
Қайырымдылық күні: Өскеменде қандай шаралар өтеді?
«Ұланым» – шетелдік саяхатшылардың жүрегін тербеткен ән
«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жаңа мүмкіндіктерге есік ашылды
Шығыстағы салауатты бастама: Жалғызтал ауылы ішімдіктен толық бас тартты
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

"24 рет пышақ сұққан": Ақтөбелік жігіт үйленбек болған қызын айуандықпен өлтірді

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар