Басты / Жаналықтар
Мәжіліс депутаты әкімдерге екі жылдық сынақ мерзімін енгізуді ұсынды

Бүгін өткен Үкімет сағатында Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек әкімдерге екі жылдық сынақ мерзімін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды F16.kz.
Қызметке тағайындалғаннан кейін облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдеріне екі жылдық сынақ мерзімін енгізуді ұсынамын. Онда мына макроэкономикалық көрсеткіштер ескерілуі керек. Атап айтқанда, өңірдің кіріс деңгейі, жиналатын салықтың мөлшері, индустриялық-ииновациялық жаңашылдықтар мен стартаптар, өңірдің экономикалық өсімінің рейтингі, инвесторлардың саны, өңірдің тартымдылық деңгейі мен рейтингі, ашылған жұмыс орындары және нақты іске қосылған кәсіпорындар. Осы көрсеткіштер бойынша нәтиже болмаса, жұмысының тиімсіздігіне байланысты әкім өкілеттігін тапсыруға тиіс. Меніңше біздің халық осындай түбегейлі шешімді күтеді. – деді Бақытжан Базарбек.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордада «Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау жөніндегі жаңа тәсілдер» тақырыбында Үкімет сағаты өтті.
Фото: mazhilis.parlam.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Прокурорлар майдан шебінде

Жәдігер ұстаз жүрген жол

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар