F16.KZ
Жарияланды: 13:00, 24 апрель 2025
Жаналықтар

ҚХА өткізген іс-шаралар 1 миллионға жуық адамды қамтыды

Былтырғы су тасқыны кезінде Ассамблеяның «Жүректен жүрекке» жобасы қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, елдегі ынтымақ пен бірліктің жарқын үлгісі көрсетті, деп хабарлайды F16.kz Ақордаға сілтеме жасап.   

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея мүшелері күн сайын көзге көрінбейтін, бірден нәтиже бермейтін, бірақ ұзақ мерзімді, стратегиялық тұрғыдан тиімді, ауқымды жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, былтыр ұйым 15 мыңнан астам іс-шара өткізіп, оған 1 миллионға жуық адам қатысқан.

Былтыр көктемгі су тасқыны кезінде азаматтарымыз зардап шеккен жандарға көмек қолын созып, ырысты ынтымақ пен бірліктің тамаша үлгісін көрсетті. Ассамблеяның «Жүректен жүрекке» жобасы аясында 12 мыңнан астам ерікті ортақ іске жұмыла кірісті. Олар гуманитарлық көмек пен жылу жинады. Қираған үйлерді қалпына келтіруге атсалысты, – деді Президент.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордада ҚХА-ның кезекті ХХХІV сессиясы өтті.Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.

Фото: Ақорда

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Шығыс Қазақстанның шекаралық аймағында қыруар ақша жұмсалған жобалар неге аяқталмай қалды?
25.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Тарбағатай / Марқакөл / Шекаралық аудан