20 АЕК айыппұл: Роза Рымбаеваның басы дауға қалды

Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер Роза Рымбаева айыппұл арқалады, деп хабарлайды F16.kz.
Естеріңізде болса, күні кеше әлеуметтік желілерде халықтың балмұздаққа таласып, дүрбелең туғызған бейнежазбасы тараған. Ресми ақпаратқа сенсек, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай балалар киімі дүкенінің иесі Роза Рымбаева бүлдіршіндерге тегін балмұздақ таратқан. Қайырымдылық акциясының соңы тәртіпсіздікке ұласқан. Кішкентайларды қойып ересек адамдар тәттіге таласып, дүрбелең туғызған. Бұл оқиғаны құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпсіздік деп есептеп, бастамаға мұрындық болған кәсіпкерді әкімшілік жазаға тартты.
Қала билігі балмұздақ тарату шарасы заңсыз болғанын, яғни алдын ала ескертусіз және жергілікті атқарушы органның келісімінсіз өткенін жеткізді. Сол себепті кәсіпкерге айыппүұл салынды.
Фото: pixabay.com




