F16.KZ
Жарияланды: 17:30, 02 июнь 2025
Жаналықтар / Басты

ШҚО-да мал басы қанша: ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Биылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл аграрлық сектордың жай-күйі туралы өзекті деректерді алуға бағытталған ең ауқымды статистикалық бақылау, деп хабарлайды F16.kz.  

Санақ екі кезеңге жоспарланған. Тамыздың 1–31 аралығында өтетін бірінші кезеңде респонденттер sanaq.gov.kz порталында санақ парақтарын өз бетінше толтыру үшін онлайн сауалнамаға қатысады.

Екінші кезеңде, яғни 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығына онлайн сауалнама толтырмаған үй шаруашылықтарына интервьюерлер өздері барып, ақпарат жинайды.

Ал маусым айында Шығыс Қазақстан облысының бес қаласында алдағы санаққа қатысушылардың тізімін нақтылау үшін мамандар аграрлық секторды алдын ала аралап (листинг) шығады.

САНАҚТЫҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?


Стартегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің басшысы Ерназ Нұрланов алдағы санаққа қатысып, шынайы ақпарат беру арқылы ауыл шаруашылығы саласының болашағына оң әсер етуге болатынын айтты.

Барлық азаматтарды санаққа белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл жай ғана статистикалық шара емес, бұл – азық-түлік қауіпсіздігі, фермерлерді қолдау және өңірлерді дамыту бойынша шешімдердің негізі. Тек сенімді деректер тиімді мемлекеттік аграрлық саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді.деді Ерназ Нұрланов.

КІМДЕР ҚАТЫСУҒА МІНДЕТТІ?

Санаққа міндетті түрде:

Өсімдік, мал және балық шаруашылықтарымен айналысатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен фермерлік қожалықтар;

Жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын, мал ұстайтын, бау-бақшасы не жері бар үй шаруашылықтары қатысуға тиіс.

SANAQ-MYRZA КӨМЕКТЕСЕДІ

Облыс бойынша 92 мыңнан астам үй шаруашылығы, 9,8 мыңға жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі қамтылмақ. Санақты өткізу үшін өңірде 150-ден астам интервьюер (ақпарат жинаушы) жұмыс істейді.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ауылдық әкімдіктер мен аудандық статистика бөлімдерінде интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылады. Сондай-ақ sanaq.gov.kz сайтындағы Sanaq-Myrza виртуалды көмекшісіне жүгінуге немесе 1446 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

Фото: F16.kz/жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)