Жаналықтар / Өскемен
ШҚО-да жедел жәрдем көліктері жаңартылады

Облыс орталығындағы жедел жәрдем станциясының көліктері жаңартылып, реанимобиль алынады. Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Айта кету керек, қазіргі жедел жәрдем станциясының ғимараты 1956 жылы қолданысқа берілген. Тозығы жеткен нысанда ақ халаттылар өзгенің өмірі үшін күресіп, алғашқы көмек көрсетіп келеді.
Биыл 4 ай ішінде 103 нөміріне 94 мыңнан астам қоңырау түскен. Оның ішінде 21 адам сәтті түрде реанимацияланды. Бұл жай ғана статистика емес, адамның өмірі, - дейді Жақсылық Мұқашұлы.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жедел жәрдем станциясы үшін жаңа типтік бокстар салуға, оның жобасын жасауға тапысарма берген.
Сондай-ақ санавиацияға 3 реанимобиль алуға қаражат бөлінді. Жедел жәрдем қызметіне арналған 36 жаңа санитарлық автокөлік алу үшін Өнеркәсіпті дамыту қорына құжат тапсырдық. Қазір олардың шешімін күтіп отырмыз, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі медицна саласының мәселелерін кезең-кезеңімен шешуді тапсырған.
Фото: zhaksylyk_omar/instagram
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Прокурорлар майдан шебінде

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы