Шығыста жыл басынан бері үш жер сілкінісі тіркелген

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда қуаты екі балдан асатын үш жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды F16.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта облыста сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан 75 елдімекен бар. Өңірдегі жағдайды Глубокое мен Зайсан аудандарында орын тепкен екі сейсмологиялық станция бақылайды.
Сонымен қатар, облыста Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмологиялық обсерваториясына онлайн режимде деректерді жіберетін 12 сейсмодатчик жұмыс істеп тұрғанын айту керек.
Өңірдегі халықты құлақтандыратын 72 электр дабыл мен 48 сиреналық-сөйлеу құрылғысы бар. Қажет болған жағдайда тұрғындарға 23 цифрлық эфирлік телехабар тарату арнасы мен 12 радиохабар тарату арнасы арқылы ақпарат жеткізіледі.
Фото: gov.kz




