F16.KZ
Жарияланды: 10:30, 04 июнь 2025
Жаналықтар

Батыстан жарты сағат кеш: Шығыс Қазақстанда Құрбан айт намазы нешеде оқылады?

Биыл елімізде күллі мұсылман қауымының қасиетті Құрбан айт мейрамы 6 маусымда басталады. Айтулы мереке қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өңірлерде айт намазын оқу уақытын жариялады, деп хабарлайды F16.kz.

Құрбан айт намазы еліміздің үш мегаполисі Астана, Алматы, Шымкентте 6 маусымда сағат 6.00-ге белгіленсе, Шығыс Қазақстан облысында 7.00-де оқылады. Оқырман наразына ҚМДБ жариялаған намаз кестесін ұсынып отырмыз.

Айт – арабшадан аударғанда, «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі Құран мен сүннетке сүйенеді. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – Құрбан айт. Айт намазы – екі рәкат. Жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды. 

Құрбан шалу – Алланың берген сансыз нығмет-несібелеріне әрі жылдан-жылға аман-есен жеткенге шүкіршілік ретінде һәм жыл бойы жіберген күнә-қателіктерді жуу үшін орындалатын ғибадат. Сондай-ақ құрбан малының етін әркім алдымен өзінің отбасына, ағайын-туысына, көршілеріне таратақаны абзал, кедей-кепшікке бергеннің сауабы мол болады.

Фото: muftyat.kz; F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)