Катонқарағай / Басты / Не жаңалық? / Киелі Алтай
Катонқарағайда үш барыс фототұзаққа ілінді (видео)
Катонқарағай ауданындағы Аршаты орманшылығында фототұзаққа бірден үш барыс түсті.
Фототұзақты Алматы қаласының Зоология институтының қызметкерлері мен Аршаты орманшылығының инспекторлары бірге құрған, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінде бұл ерекше жағдай екенін айтып отыр. Себебі барыс фототұзаққа екі күшігімен түскен.
- Барыс екі күшігімен түсіп қалыпты. Мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Демек, олар осы жақты тұрақты мекендейді деген сөз. Бұған дейін болмаған ғой. Біздің территорияға кіріп-шығып жүреді дейтінбіз. Фототұзаққа күшіктерімен түсуі - қазір осы жақты тұрақты мекендеп жатқанының дәлелі, - деді ұлттық парк директорының орынбасары Арнас Ауғонбаев.
Фото: Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркі
Қатысты сілтемелер: