Катонқарағайда ғасырлық тарихы бар дүкен әлі істеп тұр

Буырқанған Бұқтырманың жағасында ілгеріден орын тепкен Аққайнар деген ауыл бар. Катонқарағай ауданына қарайтын осы ауылда ықылым заманнан сыр шертетін киелі жерлер мен тарихи ескерткіштер көп. Солардың бірі – жергілікті халық «Самар» атап кеткен орыс көпесінің дүкені. F16.kz редакциясы ғасырлықтарихы бар көне ғимарат туралы қызықты деректерді оқырман назарына ұсынады.
Көненің көзіндей болған «Самар» дүкені әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Ғимараттың қабырғаларының сыртқы сылағы түсіп, тозғаны болмаса іргетасы мықты. Ескі дүкеннің тарихын аққайнарлықтар жақсы біледі. Әсіресе, өлке тарихынан хабары мол ауыл әкімі Серетхан Құрманов көне ғимарат туралы көп мағлұмат айтты.
КАРГОН МЕН САМАР ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?
Дүкен қызыл кірпіштен салынған, астында жертөлесі де бар. Оның жанында жапсарлас қоймасы тұр. Кеңес заманында да істеп тұрған. Қазір де бұл ғимарат жергілікті кәсіпкерлердің бірінің меншігі. Азық-түлік пен тұрмыстық заттар, киім-кешек сатылады.
Аққайнар ауылының дәл ортасында Секер тауы бар. Тұрғындар бұл таудың арғы жағын, яғни шығыс бөлігін Каргон, бергі жағын Самар деп атайды. Бұлай деп аталуының өзіндік тарихы бар көрінеді.
Тимур Серікхан
Фото: F16.kz




