F16.KZ
Жарияланды: 15:43, 10 апрель 2025
Өскемен

Өскеменде «Таза ойындар» экологиялық акциясы басталады

Шығыстың бас шаhарында дәстүрлі түрде өткізілетін “Таза ойындар” эко-сенбілігі осы аптада басталады, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

Қала әкімдігі шаhар тұрғындары мен қонақтарын өзгеше форматтағы сенбілікке қатысуға шақырады.

-         Қатысушылар қала тазалығына ат салысып, қоқыстарды жинайды, сұрыптайды және оны қайта өңдеуге жібереді. Ең көп ұпай жинаған жеңімпаз командаға 100 000 теңге, екінші орын үшін 80 000, ал үшінші орынға 60 000 теңге ақшалай сыйлық және кубок пен медальдар табысталады. Ойын шарты бойынша командада 2-4 адам болуы керек, - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сенбілік барысында қызықты ойындар мен экологиялық викторина ұйымдастырылып, демеушілер атынан арнайы сыйлықтар дайындалған. 

Эко-сенбілік 12 сәуір күні сағат 10:00-де Назарбаев көшесі, 83/1 мекенжайында өтеді.

Фото: F16.kz/жасанды интеллект

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде