Өскеменде халықаралық дрондар жарысына іріктеу турнирі өтті

Бүгін Өскеменде «AITU KazRoboDrone 2.0» халықаралық дрондар жарысының іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Аталмыш халықаралық байқауда 10-12 сынып оқушылары, колледж және ЖОО студенттері, сондай-ақ оқу орындарының оқытушылары қатысып, симуляторда дрондарды басқару шеберлігін көрсетті.
Өскеменде өткен өңірлік іріктеу турниріне 36 адам қатысқан.
Байқау нәтижесін бойынша JUNIOR санатында (оқушы 16+) Ерасыл Талғат пен Нариман Тоқтасынов, JUNIOR санатында (студент) Валерий Рудаев пен Ибрагим Жұмағазы және педагог санатында Даниил Горизов жеңіске жетті.
Аймақтық кезеңдердің жеңімпаздары 20 маусым күні Түркия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген шетелдік сайыскерлердің қатысуымен өтетін финалда өз аймақтарының намысын қорғайды.




