Өскемен / Жаналықтар
Өскеменнің Арбатында романтикалық концерт болады

15 сәуір – Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күніне орай Өскеменнің Арбат алаңында «Махаббат street» атты романтикалық концерт өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Ғашықтарға арналған ән кешін кез келген қала тұрғыны тамашалай алады. Өйткені концерт тегін. Бұл кеште ән мен күйден бөлек ашық аспан астында романтикалық сыйлықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Көздің жауын алатын сан алуан гүлдер, тәттілер мен естелік сыйлықтар сатылады.
Айта кетейік, Арбаттағы ерекше концерт кешкі сағат 18.00-де басталады.
«Ғашықтарды ән бесігінде тербететін музыкалық кешті тамашалауға асығыңыз» деп жазады Өскемен әкімдігі.
Фото: F16.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?