Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 14:45, 15 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Өскеменнен Антальяға тікелей рейс ашылады

Жазғы маусымда Өскеменнен Антальяға әуе бағдары ашылады.

Өскемен әуежайында 13 мамырдан бастап туристік бағыттарға чартерлік рейстер басталады.

- Бұл жол жүру уақытын едәуір қысқартады және балалы отбасылар үшін өте қолайлы. Рейс шамамен 26 қыркүйекке дейін ашық болады, - деді "Өскемен әуежайы" АҚ президенті Серік Оразғалиев.

Рейс сейсенбі және жұма күндері 10 күнде бір рет жүзеге асырылады. 

Айта кетейік, аталған чартерлік бағдарлама туроператорлармен бірлесіп ұйымдастырылып, өңір тұрғындары үшін қолайлы және қолжетімді демалысты қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұшу кестесі, турдың құны және брондау шарттары туралы толық ақпаратты авиакомпаниямен тығыз жұмыс істейтін туроператорлардан білуге болады.

Фото: yandex.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде