Өскемен / Жаналықтар
Өскеменде «Есенгелді би тарихы мен шежіресі» кітабының тұсауы кесілді

Бүгін Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Есенгелді би тарихы мен шежіресі» атты кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Кітапта Есенгелді бидің ел ішіндегі орны, шешендік өнері, жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі кеңінен ашылып көрсетілген. Бұл – тұтас бір әулеттің тарихын баяндайтын рухани мұра.
«Есенгелді би тарихы мен шежіресі» кітабы Тарбағатай өңірінің көрнекті перзенті, елге сыйлы би, дана мәмілегер, мемлекет қайраткері Есенгелді биге арналған. Бұл кітап тек шежіре ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени маңызы зор зерттеу. Онда бидің бес Саты, алты Жұмық деген екі үлкен әулетінен тараған ұрпақтарының генеалогиясы жан-жақты зерделенген, - дейді шара ұйымдастырушылары.
Еңбек ауызша деректерге, архивтік құжаттарға және көнекөз қариялардың естеліктеріне сүйене отырып жазылған. Шығарма тарихи шындыққа негізделіп, жүйелі түрде ұсынылған.
Фото: А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?

«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?