F16.KZ
Жарияланды: 15:30, 24 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

Төлегеннің ерлігін еске алды - Өскемен

Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың 105 жылдығына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Төлегеннің ерлігі - ел есінде» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, «Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров» атты кітап авторларының бірі Совет Иманғалиев, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Нұрдәулет Ақыш, жазушы, өлкетанушы Гүлзира Жұмағұлова, С.Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушысы Раушан Нұрбекова қатысты.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде қатысушылар Төлеген Тоқтаровтың ерлігі мен өмірбаяны, оның жас ұрпаққа қалдырған өнегелі мұрасы жайында пікір алмасты. Батыр туралы жазылған естеліктер мен кітаптарға шолу жасалып, тарихи дәйектер негізінде майдангердің тұлғалық келбеті жан-жақты сипатталды.

Дөңгелек үстел отырысына жиылған көпшілік Совет Қапанұлына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды әңгіме өрбітті.

Т.Тоқтаровтың рухына тағзым етіп, ерлігін болашақ ұрпаққа үлгі ету – әрбір қазақстандықтың перзенттік парызы. Ер есімін ұлықтау – тарих алдындағы адалдық, ел болашағы алдындағы жауапкершілік.

Іс-шара соңында қатысушылар тағылы мол кездесудің маңызын атап өтіп, келешекте бабалар рухын ұлықтауға бағытталған танымдық, әдеби, ғылыми іс-шараларды жиі өткізу керектігін жеткізді.

Фото: Пушкин атындағы облыстық кітапхана

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?
29.10.24, Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Басты / Арнайы жоба
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде