Басты / АЙДАРЛАР / Не жаңалық?
ШҚО әкімдігі мен «Казцинк» ЖШС өңірдегі жаңа әлеуметтік жобаларды қаржыландырады

Бүгін облыс әкімдігі мен «Казцинк» ЖШС басшылығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Биыл «Казцинк» әлеуметтік бастамаларға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөледі деп жоспарлануда.
Ірі жобаларға облыстағы медициналық мекемелерге заманауи құрал-жабдықтар сатып алу, Риддердегі мектептердің құрылысы мен жабдықтауды жалғастыру, әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеу жатады.
- Ынтымақтастық туралы меморандум жыл сайынғы дәстүрге айналды. Бұған дейінгі меморандумдардың арқасында Өскемен, Риддер, Алтай және Серебрянск қалаларындағы медициналық ұйымдар мен мектептерді жабдықтау, жол-көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жақсартуды қамтитын әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылды. Бүгін біз 11 млрд теңгеге есептелген меморандумға қол қойдық. Оның ішінде 10 млрд теңге бюджеттен, 1 млрд теңге «Казцинк» есебінен бөлінеді. Компания Риддердегі мектеп құрылысына 5,5 млрд теңге, хоккейді дамытуға 1,5 млрд теңге бөледі. 2025 жылы инвестицияның жалпы сомасы 18,5 млрд теңгені құрайды, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
«Казцинк»-тің бас директоры Жанат Жанботин атап өткендей, меморандумға қол қою тараптардың облысты дамытуға деген ниетін білдіреді.
- Біз компания бөлімшелері орналасқан елді мекен тұрғындарының бастамаларына назар аударуға тырысамыз. Біз үшін аймақтың әлеуметтік әл-ауқаты маңызды. Облыс әкімдігімен бірлескен жұмысты жалғастыратынымызға қуаныштымыз, - дейді Жанат Жанботин.
Қатысты сілтемелер:
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
ШҚО әкімдігі мен «Казцинк» ЖШС өңірдегі жаңа әлеуметтік жобаларды қаржыландырады
Шыңғыстайдағы наубайхананың өніміне сұраныс көп
Өскемен футболының қайта өрлеуі: жаңа алаңдар үмітті ақтай ала ма?
Қош-Ағаштағы қазақ музейі
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

ШҚО-да былтыр ауызсумен қамту бойынша 12 жоба жүзеге асты

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Риддерге жаңа мектеп салынатын болды

Жолда қалған жоба: Глубокое тұрғындары қазандықтың қызығын көре ме?