F16.KZ
Жарияланды: 15:30, 17 апрель 2025
Жаналықтар / Ұлан / Басты

ШҚО әкімі Ұланның агроөнеркәсіп нысандарын аралады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданына жұмыс сапары кезінде «Украинка» шаруа қожалығының жұмыс істеп тұрған тауарлы-сүт фермасына, «Жер-Су» жылыжайына барды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

«Украинка» шаруа қожалығы ірі қара мал өсіру және сүт өндірісіне баса назар аударып отыр. Қожалықта 889 бас ірі қара, 346 сауын сиыр бар. Жалпы сүт өндірісі – 1666,4 тонна.

Қожалықтың меншігінде 650,9 гектар ауыл шаруашылығы жері бар. Осыдан бірер жыл бұрын көпжылдық шөптердің өнімділігі 118 тонна болған.

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы барлық ауыл шаруашылығы процестерін, соның ішінде мал азығын дайындауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тоғыз жүк көлігі мен 21 трактордан тұрады.
Глубоков ауданының Бобровка ауылында «Бобровка+» ЖШС филиалы жұмыс істейді, бұл өндірістік қуаттардың кеңеюіне және кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Шаруашылық басшылығы орнықты дамуға, еңбек жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізуге жіті мән береді. Ұжымның кәсібилігінің және сауатты басқарудың арқасында кәсіпорын облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде өз орнын нықтай түскен, – деді облыс әкімі.

«Жер-Су» жылыжай кешені 2008 жылы Украинка ауылында құрылған. Бүгінгі күнге дейін оның дамуына 200 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған. Кешеннің аумағында жалпы ауданы 900 шаршы метрге жететін туннель типтес жылыжайлар бар. Негізгі бағыты – әртүрлі өсімдіктерді өсіру. Олардың қатарында «Киевский 1» және «Киевский 2» сортындағы лимондар,  цитрус жемістер, әртүрлі сорттағы мирттер, анар, інжір, муррайя, бөлме және бақша өсімдіктері, сондай-ақ көкөніс пен гүлдер өседі.

Фото: F16.kz

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шалғайдағы ауылдарға өркениеттің сәулесі қашан жетеді?
04.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Марқакөл / Журналист жол үстінде / Арнайы жоба
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде