Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 18:43, 17 апрель 2025
Жаналықтар / Басты

Жұмысшы мамандығына құрмет мектептен басталуы керек – Бақытжан Жұмағұлов

Бүгін Шығыс Қазақстан облысына Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшелері келді. Ондағы мақсат – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында атқарылып жатқан жобалармен танысу, бұл тұрғыда мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін тыңдау және өңірдің экономикалық даму көрсеткішін бағамдау, деп хабалайды F16.kz тілшісі. 

Кел келген елдің экономикалық дамуы – үнемі алдыңғы қатарда тұратын мәселе. Ал сол экономикалық дамуға жұмысшы мамандықтарының тигізер пайдасы зор. Кеңес мүшелері қоғамда адал еңбек иелеріне деген құрмет өте жоғары болуы керектігін атап өтті. Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде қарапайым күзетші, электрик, слесарь сияқты мамандар жетіспейді.  Осы орайда қарапайым мамандықтарға да сұраныс жоғары болатындай жастардың назарын аударту керек. Ал бұл тәрбие мектеп жасынан басталуға тиіс, – деді Сенаторлар кеңесінің мүшесі Бақытжан Жұмағұлов.

 

Өскемен – өндірісі өркендеген қала. Шығыстың бас шаһарына табан тіреген кеңес мүшелері бірден жұмысшы мамандықтарын даярлайтын Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға барып, Лу Бань шеберханасының жұмысымен танысты. 

Қандай қиын кезеңдерде де экономикасы мықты ел өзін-өзі дамытып, сақтап қала алады. Бұрын түлектер заңгер, экономист мамандықтарын таңдап, оқуын бітірген соң жұмыс таба алмай қалатын кездер болғаны жасырын емес. Алайда аталған мамандықтардың ешқайсы экономикаға ақша әкелмейді. Техникалық кәсіпорындар, зауыттар ғана пайдасын тигізіп, халықты жұмыспен қамти алады. Сондықтан әр өңірде үлкен кәсіпорындар ашуды, жаңғыртуды жолға қою керек. Ол үшін кәсіби мамандар жеткілікті болу керек. Сондықтан біздің тараптан жұмысшы мамандықтарын дамытуды қолға алсақ деген ұсыныс бар, - деді Сенаторлар кеңесінің мүшесі Светлана Жалмағамбетова.


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Катонқарағайда мал бағу машақатқа айналды
30.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде