Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметінен босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды F16.kzАқорданың Telegram арнасына сілтеме жасап.
Оның орнына Президент жарлығымен Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі болып Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев тағайындалды.
Төлежан Барлыбаев – 1970 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Мәскеуде Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін тәмамдаған.
Айта кетейік, Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметін 2020 жылғы ақпаннан бері атқарды.
Дархан Аманұлы Кәлетаев 1972 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (1994 жылы) тарихшы мамандығы бойынша және Қазақстан президенті жанындағы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебін (1997 жылы) бітірген. Саяси ғылымдарының докторы.
Фото: gov.kz




