F16.KZ
Жарияланды: 15:00, 17 апрель 2025
Шемонаиха / Жаналықтар

Қондырғылар тозған: Шемонаихада көпқабатты үйлерге газ беру уақытша тоқтатылады

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 37 көпқабатты тұрғын үйде газбен жабдықтау жүйесі өшіріледі. Мұндай шешім газ жеткізу жүйесі жабдықтарының тозуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды F16.kz.

Бүгінгі таңда Шемонаихада 13 газ тарату қондырғысы жұмыс істейді. Оларда 46 газ баллоны бар Аталған 37 көпқабатты тұрғын үйді сұйытылған газбен осы қондырғылар қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігінің деректері бойынша, қазір 1040 пәтердің аз бөлігі ғана газды пайдаланып отыр. Газ құбырының ұзындығы 5,5 км. Жүйені «КАПАН» ӨКФ ЖШС (сенімгерлік басқару) негізінде қызмет көрсетеді.

Былтырғы 12 қыркүйекте Шемонаиха қаласының әкімдігімен газ реттеу торабына (ГРТ) техникалық куәландыруы жүргізілді (2024 жылғы 12 қыркүйектегі №812 қорытынды, «Группа компаний АС-АЛ» ЖШС дайындаған). Тексеру нәтижесінде қысымды 20%-ға төмендету арқылы 2025 жылғы 1 мамырға дейін уақытша пайдалану рұқсат етілді және газ баллондары мен металл құбырларды толықтай полипропиленге ауыстыру ұсынылды.

Аудан әкімдігінде атап өткендей, техникалық тексеру нәтижесінде қысым реттегіштерде бірнеше ақау анықталған. Мамандардың қорытындысы бойынша, жүйені қазіргі күйінде әрі қарай пайдалану тұрғындаға қауіп төндіреді. Сондықтан жабдықты толық ауыстыру ұсынылды.

Қазір Шемонаиха ауданының әкімдігі түпкілікті шешім қабылдау үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің қатысуымен қолданыстағы ГРТ-ларды қосымша зерттеу мәселесін қарастырып жатыр.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)