Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 16:52, 18 апрель 2025
Өскемен

Өскеменде жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Өскемендік жасөспірімдер жоғалып кеткен жасөспірімді видеоаналитика көмегімен тапты, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.


17 жастағы жасөспірім ата-анасының хабарынсыз ауылдық жерден қалаға келген. Ұлдарына алаңдаған ата-ана бірден тәртіп сақшыларына жүгінген.

Іздеу жұмыстары барысында қалалық бейнебақылау жүйесіне жасөспірімнің фотосуреті жүктелді. Нәтижесінде видеоаналитика оның қозғалысын тіркеп, даңғыл бойындағы камералардың бірі жасөспірімнің нақты жүрген орнын анықтауға мүмкіндік берді. Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы ата-анасына тапсырды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта облыс орталығында аталған бейнебақылау жүйесін көбейту үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қоғамдық орындарға видеоаналитика функциясы бар 300 камера орнату жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырып, өңірде «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға септігін тигізеді.


Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)
Тағыда оқи отырыңыз:
«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр
25.11.24, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Шекаралық аудан / Тарбағатай / Күршім / Журналист жол үстінде
Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар
24.12.24, Басты / АЙДАРЛАР / Шекаралық аудан / Зайсан / Журналист жол үстінде / Айтпайын десең...
Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы
22.02.25, Басты / АЙДАРЛАР / Айтпайын десең... / Риддер / Шекаралық аудан / Журналист жол үстінде
Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?
26.02.25, Басты / Шекаралық аудан / Өскемен / АЙДАРЛАР / Журналист жол үстінде
Шығыстың шекаралық аудандарында қандай мәселелер туризмге тұсау болып отыр?
29.01.25, Басты / АЙДАРЛАР / Киелі Алтай / Шекаралық аудан / Катонқарағай / Марқакөл / Журналист жол үстінде