Самар / Жаналықтар / Басты
Жарты ғасыр күткен қуаныш: Самарда жаңа мектеп салынады

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында 40 жылдан кейін алғаш рет жаңа мектептің құрылысы басталады. Көптен күткен нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Қуаныштары еселеніп жатқан ауыл тұрғындары нысан аумағында уақыт капсуласын салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды F16.kz.
Самар ауылының өзінде жаңа мектеп соңғы рет 47 жыл бұрын салынған. Арада жарты ғасырға жуық уақыт өткенде 150 орынға есептелген жаңа білім ошағы бой көтермек.
Жаңа мектептің салынуы ауданымыз үшін қуанышты жаңалық болып жатыр. Аталған жоба аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асады. Қазір жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау – басты міндет. Ауданымызда жыл сайын бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың да саны артып келеді. Ауыл тұрғындары бұл мектепті шынымен де көптен күтті. Мәселе оң шешімін тауып жатыр, – деді Самар ауданы білім бөлімінің басшысы Руслана Қуатқызы.
Шынында да көптен күткен қуанышты сәтті аудан тұрғындары тағатсыздана күтіп жүр. Себебі Самар ауылындағы мектептердің бірінің қабырғасы қақырай бастаған соң оқушылар №1 Самар орта мектебінде екі ауысыммен оқуға мәжбүр болған еді. Енді бұл мәселе жыл соңына дейін шешімін таппақ.
Самар ауылында жаңа мектеп салынғалы жатыр. Енді балаларымыз жаңа ғимаратта оқиды. Білім сапасы да жақсарады. Ауданымызға өзге өңірден қаншама жас отбасы келіп жатыр. Қуанарлығы мектептен таршылық көрмейтін болдық. Аудан тұрғындарының өтінішін ескеріп, білім ошағын салуға қолдау көрсеткен облыс әкіміне алғыс айтамыз. Балаларымыз алаңсыз білім алса, біз де алаңсыз боламыз, – деді Самар ауылының тұрғыны Зарина Рахимова.
Фото: F16.kz
Қатысты сілтемелер:
Тағыда оқи отырыңыз:

«Ұрпаққа не қалдырамыз?!» Тарбағатай жұрты кен қазушылардың әрекетіне алаңдап отыр

Қыста қар құрсауында қалып, жазда батпаққа батады. Жол азабын тартқан шекарадағы ауылдар

Жарық жоқ, су тапшы, жолы батпақ. Өскемен түбіндегі саяжай тұрғындары қалай өмір сүріп жатыр?

Іргесі көгеріп, сыз тартқан үйлер, баспана зарын тартқан отбасылар. Риддер қаласы тұрғындарының шағымы

«Қазақстанда» адам саны азайып барады. Билік шекарадағы ауылдарды жандандыра ала ма?