Ләззат Қанатқызы
Жарияланды: 11:41, 18 апрель 2025
Жаналықтар

ШҚО-да белгілі санаттағы азаматтар үшін жеңілдік тарифі бекітілді

ШҚО прокуратурасының қадағалау актісі бойынша белгілі санаттағы азаматтар үшін жеңілдік тарифі бекітілді. 

Самар ауданы прокуратурасы ТҮКШ саласындағы заңдылықтың сақталуын талдау барысында, жергілікті атқарушы органмен Экологиялық кодекс талаптары бұзылғанын анықтаған. Қадағалау органы араласқанға дейін қолданыста болған көрсеткіш 2013 жылы аудандық ТҮКШ бөлімімен өз бетінше бекітілген болатын.

Қадағалау актісі бойынша бұл заңбұзушылық жойылып, аудан мәслихатының шешімімен тиісті көрсеткіш бекітілді.

Прокуратура бастамасымен әлеуметтік жағынан осал топтар қатарындағы азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мақсатында жеңілдіктерге құқылы азаматтар санатының тізбесі бекітілді. Атап айтқанда, еңбек ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, көпбалалы отбасылар мен аналарға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелет жасына дейін ата-анасынан айырылған балаларға қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне 50% жеңілдік қарастырылған. Жасына байланысты зейнеткерлерге, 2-топ мүгедектеріне 25% жеңілдік берілген, ал Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалдықтарды шығару үшін төлем жасаудан толықтай босатылды, - делінген прокуратура мәліметінде.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл жеңілдіктерді 4 мыңнан астам адам, яғни жергілікті халықтың 34 пайызы пайдалана алады. Қазіргі таңда қалдықтарды шығару қызметін көрсететін кәсіпорын жеңілдігі бар азаматтардан қажетті құжаттарды қабылдау жұмысын бастап кетті.


Фото: gov.kz


Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)