F16.KZ
Жарияланды: 17:30, 18 апрель 2025
Өскемен / Жаналықтар

ШҚО-да балық аулауға тыйым салынды

Шығыс Қазақстан облысының өзен-көлдерінде балық аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды F16.kz.

Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Әміров мәлімдеді.

Оның айтуынша, шектеу еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті ұйымдастырған дәстүрлі «Уылдырық шашу» акциясы аясында қойылып отыр.

ҚАЙ ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ?

2025 жылғы 16 сәуірден 30 мамырға дейінгі аралықта Зайсан көлінде, Қарақастан бірінші Баты шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының өзен-көл бөлігінде;

2025 жылғы 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма су электр станциясына дейiнгі айдынның терең бөлігінде;

2025 жылғы 10 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта Өскемен су қоймасында, яғни Ертіс өзенінің Өскемен су электр станциясынан Шүлбі су қоймасына дейінгі бөлігінде;

2025 жылғы 16 сәуірден 30 мамыр аралығында Шүлбі су қоймасында, яғни    Ертіс өзенінің Шүлбі су электр станциясынан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі бөлігінде балық аулауға болмайды.

Бұл шектеулер балық қорының табиғи көбею үдерісін сақтау үшін енгізіліп отыр және мұндай кешенді шаралар Қазақстандағы балық шаруашылығын жүйелі дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатпен тығыз байланысты. Себебі табиғи су айдындарындағы балық қоры шектеулі болғандықтан, қазір мемлекет пен сала мамандары қолдан балық өсіруге бет бұрып отыр, – деді Мерхат Әміров.

Фото: pixabay

Ctrl
Enter
Қатені көрсеңіз
Мәтінді белгілеп Ctrl+Enterбасыңыз
Пікірлер (0)